Қала тұрғындарына жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді
Таяуда елордадағы «Верный» және «7Я» тұрғын үй кешендерінде, сондай-ақ Art Kids Club балаларды дамыту орталығында полиция қызметкерлерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ПД сілтеме жасап.
Кездесу барысында балалар мен ата-аналарға жолды қауіпсіз кесіп өту тәртібі, аула аумағындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары, велосипед пен самокаттарды пайдалану кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар балаларға жол белгілері мен бағдаршам сигналдарының маңызы туралы айтылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді тұрғын үйлер мен балалар алаңдарының маңында аса мұқият болуға шақырып, ата-аналарға балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін үнемі еске салып отыруды ұсынды.