Цифрландыру медициналық қызмет сапасын жақсартуда - Тоқаев

Бүгін, 13:08
Думан Аманжол Думан Аманжол
Цифрландыру медициналық қызмет сапасын жақсартуда - Тоқаев
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекет басшысы ЖИ мен цифрлық технологияларды медицинада қолданудың алғашқы нәтижелеріне назар аударды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды, әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді.

«Қазақстан озық технологияларды барлық салаға, соның ішінде медицинаға белсенді түрде енгізе бастады. Бұл – заман талабы.  

Осы бастама қазіргі таңда отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға тың серпін беріп жатыр десек, қате болмайды.

Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды. Сондай-ақ қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30 пайызға артты.

Жасанды интеллект дәрігерлерге күрделі клиникалық шешімдерді қабылдауға септігін тигізуде. Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді.

Ақпараттық жүйелерді өзара байланыстыру, яғни, интеграциялау арқылы әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді.

Біз бұл бағыттағы жұмысты міндетті түрде жалғастыра береміз».