00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадан күндіз 54 мың текше метрден аса қар шығарылды

Астанадан күндіз 54 мың текше метрден аса қар шығарылды
фото: www.gov.kz

5 ақпан күні кешке елордадан 54 мың текше метрден астам қар немесе 3 869 жүк көлігі шығарылды.

Қыс басталғаннан бері полигондарға 3,7 млн текше метр қар немесе 277 300 жүк рейсі шығарылды.

Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигоны бар.  Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 6 ақпанда Астанада күн бұлтты. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соққан жел екпіні 15-20 м/с.  Ауа температурасы күндіз -1-3 градус нөлден төмен.