Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде Ш.Қалдаяқов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 14-25 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Астанада қалаға кіретін көліктер тексеріліп жатыр (ВИДЕО)

2 қазан, 2025
Астанада жыл сайын 200 мың адамға әлеуметтік көмек беріледі

2 қазан, 2025
Астанада Махатма Гандидің 156 жылдығы аталып өтті

2 қазан, 2025
«Табиғатты сақта – затқа жан бер»: елордалық мектепте шеберлік көрмесі ұйымдастырылды