Астанада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді

11 мамыр, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views402
Астанада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді
City Transportation Systems

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

12 мамырдан № 307 бағдардың Қоянды ауылындағы қозғалыс сызбасы өзгереді. Сондай-ақ жұмыс күнгі жүру кестесіне өзгеріс енгізіледі.

№ 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 120, 120А, 307, 317 бағдарлары «Көк базары», «Орда базары» аялдамаларында жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді.

№ 5, 5А, 8, 9, 11, 13, 22, 22А, 28, 31, 33, 55А, 60, 73, 80, 84, 505, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322, 327 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.