Астанада Атырау көшесі уақытша жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Атырау көшесінің Қорғалжын тасжолынан Аягөз көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 21-23 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Астанада қалаға кіретін көліктер тексеріліп жатыр (ВИДЕО)

2 қазан, 2025
Астанада жыл сайын 200 мың адамға әлеуметтік көмек беріледі

2 қазан, 2025
Астанада Махатма Гандидің 156 жылдығы аталып өтті

2 қазан, 2025
«Табиғатты сақта – затқа жан бер»: елордалық мектепте шеберлік көрмесі ұйымдастырылды