00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада АӨСШК волонтерлар слеті өтіп жатыр

Астанада АӨСШК волонтерлар слеті өтіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Астанада АӨСШК Жастар кеңесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жиынға Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Таиланд, Тәжікстан, Бахрейн және т.б. сияқты 21 елден 450-ден астам делегат қатысуда. Олар волонтерлік қызметтің негізгі мәселелерін және оның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін талқылады.

Слеттің бірінші күні «Қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңыздылығы: Азия елдерінің тұрақты дамуына жәрдемдесудегі волонтерлік қызметтің рөлін талқылау» тақырыбында АӨСШК Жастар кеңесінің отырысы өтті. Онда мәдениетаралық диалогқа және қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Слет сессияларында «Әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік», «Зияткерлік волонтерлік: инновациялық тәсілдер және халықаралық тәжірибе», «Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлердің рөлі», «Төтенше жағдайлардағы волонтерлік қызмет», сондай-ақ «Волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі» тақырыптары талқыланды.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК кеңістігінде волонтерлік қызметті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеуге кірісті.

Бүгін қатысушылар ынтымақтастықты кеңейту және волонтерлік қызметте тәжірибе алмасу бойынша алдағы қадамдарды талқылайды.