Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс – Президент
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс – Президент](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107493932567019.webp)
ашық дереккөз
Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.
[caption id="attachment_92453" align="alignnone" width="2560"] Фото: akorda.kz[/caption]
Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.
[caption id="attachment_92456" align="alignnone" width="2560"]
Фото: akorda.kz[/caption]
– Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 пайызға қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз, – деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар