Қырғызстан әнұранын жаңарту үшін республикалық байқау өткізуді жоспарлады
Фото: freepik
Қырғызстанда әнұранды жаңарту үшін елдің мәдениет министрлігі республикалық байқау өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz 24.kg-ке сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, бұл туралы ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысында елдің мәдениет министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиев мәлімдеген.
Байқаудың мақсаты – Қырғызстанның тарихи мұрасын мәдениетін және халық бірлігін насихаттайтын шығарма әзірлеу. Сәйкесінше, байқау әнұранның әні мен сөзіне қатар өткізіледі.
«Оған елдің сазгерлері, ақындары, музыканттары және шығармашылық ұжымдары қатыса алады», - делінген хабарламада.
Еске салайық, әнұранды жаңарту туралы Қырғызстан парламентінің төрағасы Нұрланбек Шакиев бастама көтерген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
3 қазан, 2025
Ғарышқа турист ретінде ұшатын тұңғыш қазақстандықтың есімі белгілі болды
1 қазан, 2025
Қырғызстанда өлім жазасы енгізілді
10 қыркүйек, 2025
«1,5 мың қазақстандық бар»: министрлік Дохадағы жарылысқа қатысты айтты
10 қыркүйек, 2025
«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді
