Мопед жүргізушілері нені ескеруі керек
![Ернұр Қайнар](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мопед жүргізушілері нені ескеруі керек](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173893211120073678.webp)
Биыл 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік болып саналады. Сондықтан оларды пайдалану үшін бірқатар құжат болуы қажет, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалану үшін полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық байқаудан өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі қажет болады.
Тіркелу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрі де болады), техникалық құжаттама немесе мопедтің техникалық сипаттамасы», - делінген хабарламада.
Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізген соң қажетті мемлекеттік бажды төлеу керек.
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге және A1, A немесе B санаттары бойынша жүргізуші куәлігінсіз жүруге болмайды.
Мұндай қиындықтарға тап болмас үшін мопедіңізді алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қажет.