2026 жыл – халықаралық волонтерлер жылы: Айзада Құрманова еріктілерді белсенді болуға шақырды

Фото: Ришат Иркабаев
2026 жыл – халықаралық волонтерлер жылы болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова елордада өткен ХІІ Азаматтық форумында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Волонтерлік саласы – маңызды салалардың бірі. Соңғы екі жылда волонтерлік қызметті дамыту бойынша стратегиялық жоба іске асырылып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2026 жыл волонтерлер үшін ерекше жыл болмақ. Себебі Мемлекет басшысының бастамасымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының шешіміне сәйкес, «2026 жыл – халықаралық волонтерлер жылы» деп аталады. Сондықтан елорда мен өңірлердегі еріктілерді белсенді жұмыс жүргізуге шақырамын», - деді вице-министр.
Сонымен қатар ол 2026 жылы Астанада көптеген маңызды іс-шара өтетінін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар