Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады

Бүгін, 18:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views68
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.