Атырау облысында қант зауыты салынады
7 ақпан, 2025


Фото: freepik
Өңірде жылына 144 мың тонна қант өндіретін ірі қант зауытын салу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
Аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 000 тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады.
«Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, ол қант қызылшасын өсіруге дайын», - делінген хабарламада.
Жобаның құны – 58 млрд теңге. Осыған орай 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Ұқсас жаңалықтар

29 мамыр, 2025
Қазақстан экономикасы былтыр 5,1 пайызға өсті – Президент

28 мамыр, 2025
Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-кассалық машиналарын қолдану қажеттілігі ескертілді

28 мамыр, 2025
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы бір жылда 31%-ға артты

28 мамыр, 2025
Энергетика министрлігі мотор майларға міндетті таңбалауды енгізу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өткізді