Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған қазақстандық Астанаға жеткізілді

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған қазақстандық Астанаға жеткізілді
Фото: ҰҚҚ

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы шетелден Астанаға жеткізілді. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК ІІМ Интерполының Ұлттық орталық бюросымен өзара іс-қимыл жасап, Бас прокуратураның үйлестіруімен аталған азаматты Қазақстанға экстрадициялады.

Тергеу мәліметінше, ол аса ірі мөлшердегі алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілініп, 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып жүрген.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, іс бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.