Қостанай облысында компания алтынды заңсыз өндірген
![Зарина Сәрсенбайқызы](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қостанай облысында компания алтынды заңсыз өндірген](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173891664646970572.webp)
Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Жітіқара ауданының прокуратурасымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп жайылымға арналған жер учаскесінде алтынды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында ЖШС «ауыл шаруашылығы тауар өндірісін жүргізу» мақсатымен жер учаскесіне құқық алғаны анықталды. Алайда бұл учаске топырақты жуу арқылы бағалы металдарды заңсыз өндіру үшін пайдаланылған.
Аумақты тексеру кезінде арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылды. Сонымен қатар құнарлы топырақ қабатын жою фактісі тіркелді. Департамент 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды.
Сондай-ақ ЖШС заңсыз әрекеттер нәтижесінде бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіруге міндеттелген.
![Қызылордада такси жүргізушісін автокөлік салонының артында отырған жолаушы ұрып-соққан](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17389280682888848.webp)
![Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173892696325257296.webp)
![«Төрт әйелі бар имамның үйі» деген ақпаратты таратқан адам жазаланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173892474934173423.webp)
!["Құлпынай квик": Мектептерде құрамында есірткі бар кәмпиттер таратылып жатыр ма](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173891030912053602.webp)