Көкшетауда ерлі-зайыпты өздерімен бірге тұратын әйелді жезөкшелікке салған

Бүгін, 15:53
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Көкшетауда ерлі-зайыпты өздерімен бірге тұратын әйелді жезөкшелікке салған
Фото: Sputnik/Абзал Қалиев

Көкшетауда ерлі-зайыптылар бірге тұратын әйелді жезөкшелікке салып, ақша тапқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олар притон ұйымдастырғаны үшін ұсталған, кейін жазадан құтылу үшін полиция қызметкеріне пара ұсынған.

Көкшетау қалалық соты анықтағандай, С атты ер адам мен оның азаматтық жұбайы Ш деген әйел жеңгетайлықпен айналысып, өздерімен бірге тұратын А-ны интим қызмет көрсетуге мәжбүрлеп, клиенттер тауып, тәнін саудалаған. Ер адам автокөлігіне А-ны салып алып, клиенттерге апарып беріп отырған, ал әйелі болса, А-ның суреттері мен бағасын қойып, сайттарға жарнама жасаған.

Оларды полиция ұстаған соң, ер адам жазадан құтылуды ойлап, құқық қорғау органының қызметкеріне 500 000 теңге пара ұсынған. Оны қызметкер дереу басшылығына баяндап, нәтижесінде С-ның айыбының үстіне айып қосылды.

Ерлі-зайыптыларға ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша притон ұйымдастырды деген айып тағылып, ер адам 5 жыл 6 айға, әйел адам 3 жыл 6 айға сотталды.