Қызылордада такси жүргізушісін автокөлік салонының артында отырған жолаушы ұрып-соққан

Қызылордада такси жүргізушісін автокөлік салонының артында отырған жолаушы ұрып-соққан
Фото: freepik

Қызылордада такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдікті құрықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Белгілі болғандай, қаскүнемдер такси тоқтатып, жүргізушіден өздерін қала орталығына апарып тастауды сұраған. Жүргізуші оларды айтылған жерге жеткізу үшін бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан.

Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен. Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан іздерін суытқан.

Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізіліп, нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.