Гаванада Қазақстан мен Куба арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Гаванада Қазақстан мен Куба арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды
ашық дереккөз

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан – Куба екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытудың жай-күйі мен басымдықтарын талқылады. Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы саяси диалогтың үдемелі сипатын атап өтті. Елші сұхбаттасушысын Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды. Сонымен қатар, А.Камалдинов экономикалық өзара іс-қимылдың, оның ішінде фармацевтика және туризм саласындағы перспективалық бағыттарын белгіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстанның саяси жүйесінің реформаларына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде министрдің бірінші орынбасары Елшіні елдегі қазіргі саяси және экономикалық жағдаймен таныстырды. Қазақстанның Кубаға қатысты бұлжымас ұстанымын қанағаттанарлықпен атап өтіп, дипломатиялық миссияның мәртебесін Елшілік деңгейіне көтергені үшін Қазақстан басшылығына ризашылығын білдірді.