Діни әдебиеттерді таратумен айналысатын азаматтарға заң талаптары түсіндірілді
Іс-шараға қаладағы 6 дүкен басшысы оффлайн, 4 дүкен онлайн «Zoom» бағдарламасы арқылы қатысты. Жиын барысында «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы талқыланып, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы түсіндірілді. Сондай-ақ, кездесу барысында дүкен басшыларына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан өткізілген кітаптарды ғана сату керектігі ескертілді.