00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

27 желтоқсан, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.