Antikor ortalyǵy интеллектуалды онлайн ойын ұйымдастырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Antikor ortalyǵy интеллектуалды онлайн ойын ұйымдастырды
ашық дереккөз

«Antikor ortalyǵy» алаңында «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «Басты ұстаным – әділдік, парасаттылық және сенім» атты интеллектуалды онлайн брейн ринг ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ойынға Нұр-Сұлтан қаласының 9 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қатысты, сонымен қатар ұстаздар қауымы онлайн көрермен ретінде қатысып, өз білім алушыларына қолдау көрсетті. Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақпараттық үгіт насихат тобының жетекшісі Сәдібек Түгел төрелік етті. Ойынның басты ерекшелігі онлайн форматында өтуі және барлық қатысушылар ZOOM платформасы арқылы қосылып, ерекше ойынның куәсі болу мүмкіндігін иеленді. Брейн ринг «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Бабалар даналығы», «Жалғасын тап», «Жеті тілдің бәрін біл», «Сөз құра» кезеңдерінен тұрды. Сұрақтардың арасында Агенттіктің call-орталығының нөмірі, «Астана – адалдық алаңы» жобасының құрылған жылы сынды сұрақтарға мүдірместен студенттердің дұрыс жауап беруі қуантарлық жағдай. Агенттікпен жүргізіліп жатқан жұмыстар дұрыс бағытта екендігінің тағы да бір айшықты көрінісінің бірі. Жарыс қорытындысы бойынша «Қаржы академиясы» АҚ колледжі І орын, «Гуманитарлық колледж» ІІ орын, ал ІІІ орынды «Басқару колледжі», «Жоғары көлік және коммуникация колледжі», «Технологиялық колледж» және «Менеджмент және бизнес колледж» өзара бөлісті. Барлық қатысушылар серфикаттар мен дипломдармен марапатталды. Қатысушылар ойын соңында алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың көптеп өтуіне тілек білдірді.