Балықтардың жиналып қалуына байланысты Есілдің суына зертханалық тексеру жүргізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Балықтардың жиналып қалуына байланысты Есілдің суына зертханалық тексеру жүргізілді
ашық дереккөз

Есіл өзеніндегі балықтардың жиналып қалуына байланысты мамандар су сынамаларын тексерді. Бұл туралы Елорда Инфо «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Есіл өзеніндегі балықтардың жиналып қалғаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экологиялық мониторинг департаментінің Қоршаған ортаның ластану мониторингі сынақ зертханасының қызметкерлері келесі нүктелерде су сынамаларын жоспардан тыс іріктеуді жүргізді: 1 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінің астында; 2 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км жоғары; 3 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км төмен; Жер беті суларының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар. «Бірінші күннің талдауы бойынша судың температурасы 23,7-24,2 ºC шегінде, сутегі көрсеткіші 8,70-8,75, суда еріген оттегінің концентрациясы қалыпты және 9,30-11,8 мг/дм3 диапазонында, түсі – 25-30 градус, мөлдірлігі - 25 см, иісі - 0 балл, табиғи суға тән емес иістер табылмады. 2020 жылғы 27 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ, 2020 жылғы 31 мамырда 5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижелері ұсынылады», делінген хабарламада.