Қабыл қаласында қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті
14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның зардап шеккендер арасында 8 провинцияда таратылғанын атап өткен жөн. Аталмыш азық-түлік Қабылдан басқа Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларында таратылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:19
Астана әкімдігінің атынан балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
Бүгін, 16:01
Елордада үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатыр
Бүгін, 14:34
Елордадағы балаларды қолдау орталығында арнайы спорттық кешен ашылды
Бүгін, 13:23
Елордалық зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды