ОЭК мен коммуналдық шаруашылық басқармасымен ҚР ҚПК 220 бабына сәйкес ұстанымы қаралды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ОЭК мен коммуналдық шаруашылық басқармасымен ҚР ҚПК 220 бабына сәйкес ұстанымы қаралды
ашық дереккөз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-ші бабына сәйкес қылмыстық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жою мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Кездесу барысында отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты департаментпен енгізілген ұсыным қаралды. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы департаментпен енгізілген ұсыныстарды қарастырып, тиісті шаралар қабылдаған. Басқарманың жауапты лауазымды тұлғасы орындалған жұмысты қабылдау кезінде тиісті бақылау жүргізбегені үшін ескерту жазасын алған. Аталған жағдай азаматтар мен жалпы қоғам алдында мемлекеттік органдардың имиджі мен беделіне нұқсан келтіреді, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтың және заңнама талаптарының өрескел бұзылғандығын көрсетеді. Сонымен қатар отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Vehi.kz» ЖШС техникалық қадағалаушысына қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 317 бабы 3 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған. Жазира Жылқышиева әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын фактілердің алдын алу және жолын кесу үшін профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылар жеке жауапты екендігін ескертті.