Төлем ұйымдарының қызметтері арқылы 422,7 млрд теңге көлемінде төлем өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Төлем ұйымдарының қызметтері арқылы 422,7 млрд теңге көлемінде төлем өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120350014578397.webp)
2020 жылдың 1-ші тоқсанында төлем ұйымдарының қызметтері арқылы 422,7 млрд теңге сомасында 108,5 млн транзакция жасалды (2019 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 6.4% өсім), деп хабарлайды Елорда Инфо Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл төлемдердің 71%-ын халық ұялы байланыс операторларының қызметтерін төлеу үшін, 19% – әртүрлі қызмет түрлеріне, 6% – коммуналдық қызметтерге, 2% – тауарларға және 2% – басқа төлемдер түрлері бойынша жүргізді. Әр екінші операция төлем терминалдары мен кассалар арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы жүзеге асырылды, төлем ұйымдарының жалпы айналымынан төлемдердің 39%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылды. Қазақстанда жұмыс істейтін 27 электрондық ақша жүйесінен 22 электронды ақша жүйесінің операторлары төлем ұйымдары болып табылады. 2020 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындылары бойынша төлем ұйымдарының қызметтері арқылы 75,6 млрд теңге сомасында электрондық ақша транзакциялары жүргізілді. Бұл барлық жұмыс істеп тұрған электронды ақша жүйелері айналымының 70% құрайды. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 62 төлем ұйымы жұмыс істейді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)