Қазақстанның барлық аумағындағы блок бекеттер 1 маусымда ашылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанның барлық аумағындағы блок бекеттер 1 маусымда ашылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120561444794886.webp)
Қазақстанның барлық аймағындағы блок бекеттер 1 маусымнан бастап ашылады, деп хабарлайды Елорда Инфо zakon.kz-ке сілтеме жасап. Жалпы, Қазақстан бойынша 313 халықаралық маршрут қозғалысы бар. Онда 88 тасымалдаушының 610 автобусы қызмет көрсетеді. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, блок бекеттер ашылып, қалааралық тасымалдауды қалпына келтіру 5 маусымнан бастап іске қосылады. Бас санитар дәрігердің талабы бойынша жасалған алгортимге сәйкес, тасымалдаушылар автобустарға үнемі дезинфекция жүргізіп отыруы тиіс. Сол сияқты жолаушылар көлікке тек медициналық бетпердемен ғана кіруге міндетті. Олар кем дегенде 1 метр арақашықтықты сақтауы қажет. Жүргізушілер де медициналық қолғаппен, бетпердемен қамтамасыз етіліп, өз уақытында ауыстырып отыруы керек. «Өз кезегінде әкімдіктер тасымалдау процесінің алгоритмі бойынша тәртіпті сақтауды қадағалау шараларын жүргізеді. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралмауы үшін жасалады», – деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов ОКҚ-да өткен брифингте.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)