Отандық экспорт үшін Қазақстан-Қытай шекарасынан өту рәсімдері жеңілдетілді – министрлік
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Отандық экспорт үшін Қазақстан-Қытай шекарасынан өту рәсімдері жеңілдетілді – министрлік](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120562718840666.webp)
Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» отандық экспорттаушылар үшін Қазақстан-Қытай шекарасынан өту рәсімдерін жеңілдетуге қол жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19 мамырда «Нұржол» кеден өткелінде ҚХР-ға отандық экспортты қолдау және жеделдету шеңберінде 10 сәуірде шекарада пайда болған қазақстандық өндірушілердің тауарлары бар машиналарға арналған жеке дәліз алынып тасталды. 19 мамырдан бастап жеке дәліз бойынша тек мұздатылған ет пен балығы бар автокөлік қана шекарадан кедергісіз өтетін. Қалған қазақстандық тауарлар жалпы кезекті күтуге мәжбүр болды. («Нұржолы» кеден өткелінің өткізу қабілеті күніне 5-10 машинаны құрайды). Бұл шекарада автокөлік құралдарының көп санының жиналуына алып келді, ал ол қазақстандық тауарларды шетелдік сатып алушыларға үздіксіз жеткізуге қауіп төндірді. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «Qazaqtrad» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-на арнайы @exportgov телеграмм-арнасы арқылы отандық экспорттаушылардан өтініштер түсе бастады. (Арна наурыз айының соңында шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді экспорттауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шұғыл өтініштер қабылдау үшін «Qazatrade»-да құрылды). 29 мамырда «Qazaqtrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен ҚР Сауда және интеграция министрлігі қызметкерлерінің қолдауымен барлық қазақстандық тауарларды тасымалдаушыларға арналған жеке дәліздің жұмысы қалпына келтірілді. Қазақстандық кәсіпкерлерден СИМ мен «QazTrade»-ға алдағы уақытта барлық отандық экспорт үшін «арнайы дәлізді» заңнамалық деңгейде бекіту мүмкіндігін қарастыруды өтінген алғыс тілектер келіп түсті. Айта кетейік, 2019 жылы ҚХР-ға 1000 тоннадан астам қазақстандық сыра («Шымкент сыра қайнату зауыты», «Арасан фирмасы», «EFES Қазақстан»), 900 тоннадан астам мұздатылған балық («Balkhashfishtrade» ЖШС, «Қызылорда Балық» ЖШС, «Арал» СДО), 300 тоннадан астам кондитерлік өнімдер («Рахат» АҚ, «Баян Сұлу «АҚ, «Сауле» кондитерлік фабрикасы), 200 тоннадан астам өсімдік майы («Eurasianfoods» АҚ, «Маслодел» ЖШС, «Қызылорда Балық», «Арал» ССО, «Kaz-irAgro» ЖШС, «Жаркөл-007» ЖШС), ауыз судың бірнеше партиясы («Сапа Алматы» ЖШС), шарап («ARBAWINE» ЖШС), сұлы қауызы («Радуга» ЖШС) және басқалар экспортталды. 2019 жылдың ортасында 9 тамызда Қазақстан-Қытай шекарасынан «Meatprocessingandservice»Алматы компаниясының қазақстандық сиыр еті бар көлігі алғаш рет кесіп өтті. Сол күннен бастап «Meatprocessingandservice», «Астана Агроөнім» және «Ақтөбе ет кластері»компаниялары өндірген 4 000 тоннаға жуық ет жеткізілді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)