Әскери қызметшілер 50 млн шаршы метр жерге дезинфекция жұмыстарын жүргізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әскери қызметшілер 50 млн шаршы метр жерге дезинфекция жұмыстарын жүргізді
ашық дереккөз

Төтенше жағдай режимі кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қазақстанның 29 қаласында жалпы ауданы 50 миллион шаршы метрден асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандарға және ұзындығы 4000 шақырымға жуық жол учаскелеріне дезинфекция жүргізді. Бұл туралы Елорда Инфо Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. «Әскери қызметшілер кейбір қалаларда карантиндік шаралардың әлсіреуіне қарамастан, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету мақсатында шұғыл түрде 16-ға жуық санитарлық өңдеу тобы құрылды, ал 2020 жылдың 25 мамырынан бастап әскерде арнайы өңдеу құрама жасақтарының бөлімдеріне инфекциямен күрестің екінші кезеңі басталғаны туралы жарияланды», делінген хабарламада. Әскери қызметшілер алғаш рет бетпе-бет келген коронавирустық инфекциямен күрес тәжірибесі осы саладағы мамандармен мұқият зерделеніп, талданды. Әскери қызметшілердің кейінгі іс-әрекеттері барынша кәсіби болады, осылайша жергілікті атқарушы органдардан өңдеуге түскен өтінімдердің ішінен жақын арада жалпы ауданы 224 060 м2 шамамен 80 әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеу жоспарлануда, бұл дезинфекциялық топтар үшін жоғары көрсеткіш болып табылады. Қалаларда бұрын енгізілген барлық шектеулер қатаң бақылауда. Жеке құрам мен еліміздің азаматтары денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Әр нысанды өңдеу шаралары мұқият ұйымдастырылған.