Алтынбек Қайсағалиев елорданы жасыл желекпен көмкеру жұмыстары туралы баяндады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтынбек Қайсағалиев елорданы жасыл желекпен көмкеру жұмыстары туралы баяндады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120573436870977.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/05/8c3b22ee-bb76-4338-8a67-797de2be8a70.jpg)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Astana TV телеарнасының Elorda Live бағдарламасына берген сұхбатында қаланы гүлдендіру туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Нұр-Сұлтан қаласында бүгінге дейін 1 миллионға жуық ағаш отырғызылған. Жапырақты және қылқанды ағаш түрлерін отырғызамыз. 2018 жылы 19 мың түп ағаш отырғызылған болса, 2019 жылы 114 мың түп ағаш егілді. Биыл да осы жұмысты жалғастыратын боламыз.
***
Қаламызда саябақтар, гүлбақтар саны өсіп келе жатыр. Биыл тұрғындардың демалуына арналған 50 қоғамдық орын салынуда. Сол жерлерде де ағаш түптері отырғызылатын болады. Ағаш отырғызу екі кезең бойынша жүргізіледі. Яғни күзде және көктем айларында. Жалпы, отырғызылатын ағаш түптерінің саны жылдан-жылға артып келеді.
***
Біздің ең басты мақтан тұтатын орнымыз ол – Елбасының бастамасымен қолға алынған Нұр-Сұлтан қаласының Жасыл белдеуі. Осы белдеудің арқасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жақсы демалады деуге болады. Ол, біріншіден, қаланы желден қорғайды. Екіншіден, ауаны тазартады.
***
Жасыл белдеудегі 1998-2000 жылдары егілген ағаш көшеттері қазіргі таңда үлкен тоғайға айналды. Біз қазір оны одан әрі дамытуды қолға алып жатырмыз. Жұртшылыққа да сондай әдемі орындарды көрсететіндей, екіншіден, туристерді де көптеп тартуға жағдай жасауды қарастырудамыз.
***
15 мың гектар жерді алып жатқан Жасыл белдеуді бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының өкпесі деуге болады. Биыл сол жердің 350 гектарына қосымша теректер отырғызылады. Жалпы, ондағы ағаштардың басым бөлігі – жапырақты ағаштар. Яғни, ауаны тазартып тұрады. Ал қалған 2 пайызы – қылқанды ағаштар. Осы Жасыл белдеу мен қаланың ішіндегі ағаштар санын жылдан жылға арттыратын боламыз.
***
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)