Нұрбол Нұрсағатов Байқоңыр ауданын дамыту жоспарымен бөлісті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұрбол Нұрсағатов Байқоңыр ауданын дамыту жоспарымен бөлісті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120572518291828.webp)
«Antikor.LIVE» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Байқоңыр» ауданының аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Аудан әкімдігі биылғы жылдан бастап «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Open space» форматында жұмыс істеуде. Азаматтардың өтініштеріне тез әрі тиімді жауап беру мақсатында «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің сайты, Facebook (baikonyrastana), Instagram (baikonyrastana) әлеуметтік желілері және +7 701 055 5979 WhatsApp нөмірі іске қосылған. Аудан әкімі биыл «Байқоңыр» ауданына аулаларды, саябақтар мен алаңдарды абаттандыруға 10 млрд.теңге бөлінгенін атап өтті. Аудан аумағында 235 аула орналасқан. Биыл 50 аулаға жұмыстар басталған. Әкімнің айтуынша, қаланың шет аймақтарын - Өндіріс, Казгородок, Кирпичный, Промышленный және т.б. шағын аудандарын дамытуға көңіл бөлінеді. Тікелей эфир барысында «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселесі көтеріледі. Қазіргі уақытта Байқоңыр ауданында осындай 74 объект орнатылған. Нұрбол Нұрсағатов бұл бағдарлама әлеуметтік екенін және «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ үшінші жыл кәсіпкерлерді қолдау бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. Кәсіпкерлік қызметтің осы түрін ашу үшін бағдарлама әкімшісіне жазбаша өтінішпен мына мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қ., Ә. Мамбетов к. 24, «Аффари» БО 8-қабат, тел.: 55-29-93 немесе «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөліміне: Отырар к. 5, тел.: 95-47-96 жүгінуге болады. Сонымен қатар, әкім әлеуметтік маңызы бар салаларды дамыту туралы айтты - бұл білім беру нысандарының құрылысы. Биыл Сейфуллин – Омаров көшесінде мектептің ашылуы күтілуде, Иманбаев-Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан 31 мектепке құрылыс жүргізілуде, құрылыс жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Лесозаводтағы 23 мектептің ғимаратына құрылыс жүргізілуде. Онлайн-диалог барысында әкім желі қолданушылардың ауданды газбен қамтамасыз ету, тозған үйлерді бұзу, Сырдария көшесіне жоспарланған абаттандыру жұмыстарын, 42 500 теңге тағайындау туралы өтініштерін қайта қарау, ауданда экологиялық жағдайды жақсарту, сонымен қатар қарамағындағылардың жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты сұрақтарға жауап берді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)