Н.Ноғаев: Инвесторларды тарту – басты бағыттарымыздың бірі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Н.Ноғаев: Инвесторларды тарту – басты бағыттарымыздың бірі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120565325513497.webp)
ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев онлайн брифингте коронавирус пандемиясының экономикалық белсенділікті төмендетуге әкеп соғып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әлемдегі коронавирус пандемиясы мен мұнай өнімдерін тұтынудың төмендеуі экономикалық белсенділіктің төмендеуіне әкеп соғып жатыр. Осы кезеңде әлемдегі компаниялар өздерінің іс-шараларына, жұмыс жоспарларына өзгеріс енгізіп, кейбірі банкротқа ұшырап жатыр. Бұл – қазіргі бәсекелестік ортадағы тұрақты жағдай. Яғни бұл жағдайда мүмкіндіктері жоғары, өзіндік құны төмен, бәсекелестікке сай компаниялар ғана нарықта қалады. Ал қалғандары бірігу немесе банкротқа ұшырау сияқты жағдайға душар болады. Әрине, қазіргі қалыптасқан жағдайда инвесторларды тарту күрделеніп кетті. Дегенмен біз бұл жөніндегі жұмысты тоқтатпаймыз. Газ химия кешеніне инвестор тарту жұмысы және басқа да қаржылық тұрғыдан тартымды қосымша құны жоғары өнімді бере отырып, өздерінің пайдасын алатын инвесторларды іздеу, оларды осында тарту – біздің басты бағыттарымыздың бірі», – деді Н.Ноғаев.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)