Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120562822439337.webp)
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан ҚР-дағы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джаберді қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо. А.Мамин М.Әл-Джаберге ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін биылғы 6 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Үкімет басшысы БАӘ дипломатымен екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. БАӘ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $2,1 млрд құрайды, ҚР-дан БАӘ-ге — шамамен $1 млрд. Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 342 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Кездесуге ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)