Қаңтар-сәуір айларында республика кәсіпорындарында 365 жазатайым оқиға тіркелді – министрлік

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаңтар-сәуір айларында республика кәсіпорындарында 365 жазатайым оқиға тіркелді – министрлік
ашық дереккөз

Биылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында республиканың кәсіпорындарында 365 жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Салдарынан 413 адам жарақат алған. Алайда бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға төмен (2019 жылы – 438 адам). Экономика салалары бойынша тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында зардап шеккендер саны – 77 немесе 22,5%, ал құрылыс индустриясындағы көрсеткіш – 33 немесе 9,6%. Еңбекті қорғау саласында жиі кездесетін бұзушылықтар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу (25,6% (127); қызметкерлерге оқыту мен нұсқау беру өткізбеу (14,5% (72); жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеу (7% (35) жағдайлары салдарынан орын алған.