Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге 270 мың елордалыққа берілді – Көлгінов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге 270 мың елордалыққа берілді – Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120573421284567.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн баспасөз конференциясында төтенше жағдай режимі кезінде астаналықтарға көрсетілген әлеуметтік көмекке тоқталып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өздеріңізге белгілі, Төтенше жағдай кезінде көптеген жұмыс орны тоқтады. Тиісінше біраз адам жұмыссыз қалды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, қоғам болып осы сыннан өтіп келеміз. Президенттің тапсырмасымен ең төменгі жалақы ретінде 42 500 теңге сәуір айында 270 мың адамға берілді. Ал мамыр айында қосымша 130 мыңнан астам адам осындай қолдау алды. Тұтастай алғанда мемлекеттен 20 млрд теңге осы мақсатқа бөлінді», - дейді әкім. Ол сөз арасында Елбасының Үндеуімен атқарылған шараларды да ерекше атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлер де шет қалмай, үлкен қолдау көрсеткенін жеткізді. «43 мың әлеуметтік аз қамтылған азамат 50 мың теңгеден көмек алды. Оған 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл – бюджеттен тыс қаражат. Сонымен бірге 34 мың отбасыға азық-түлік көмегі берілді. Оған бюджеттен тыс 1 млрд теңге аударылды. Бұдан бөлек мемлекеттік әлеуметтік көмекті 4,5 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасының баласы алды. Ал атаулы әлеуметтік көмекке 3,5 мың отбасы ие болды», - дейді Алтай Сейдірұлы.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)