Сенімді бағдарламалық өнімдер тізіміне 7 IT-шешім енгізілді – министрлік
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сенімді бағдарламалық өнімдер тізіміне 7 IT-шешім енгізілді – министрлік](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120584935353110.webp)
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіптің сенімді өнімдерінің тізіліміне 7 IT-шешімді енгізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған тізілімге енген өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға біліктілікті алдын-ала іріктеу тәсілімен қатысуға құқығы бар. Тізілімдегі шешімдерді сатып алудың басым тәртібі 2019 жылы қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес айқындалған. Тізілімге киберқауіптерден қорғау бойынша, ұйымдардың қызметін автоматтандыру, электрондық құжаттармен жұмыс істеу, білім беру процесін басқару, ақпараттың және т.б. жария болуын болдырмауға арналған бағдарламалық шешімдер енгізілді. Атап айтқанда, «tLab» жүйесі («T&T Security» ЖШС), Arta Synergy платформасы («ArtaSoftware» ЖШС), «КиберСтраж» («Kazdream Technologies» ЖШС), «ЕСУВО» және «Platonus College» («Platonus» ЖШС), «Гепортал» («ГеоКом Астана» ЖШС), «Documentolog» жүйесі («Documentolog» ЖШС). Өнімді тізілімге енгізу үшін компания қажетті құжаттарды толық ұсынды: бағдарламаға немесе өнімге айрықша құқықты растады, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификатын, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған индустриялық сертификатты немесе өнімге арналған «СТ-KZ» сертификатын, кепілдік міндеттеме және т. б. ұсынды. Тізілімнің мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы құрылғанын айтып өту керек. Бүгінгі күні Тізілімге 16 компанияның электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жасаған 19 өнімі енгізілді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)