Аида Балаева өзіне білім берген ұстаздарға алғыс айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Аида Балаева өзіне білім берген ұстаздарға алғыс айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120590125177132.webp)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "25 мамырда дәстүр бойынша мектеп оқушылары мен мұғалімдері оқу жылының аяқталуын атап өтеді. Ал түлектер білім және тәрбиенің бесігіне айналған алтын ұя мектебімен қоштасып, сан тараулы өмір жолына аяқ басады. Өкінішке қарай, биыл балалардың көпшілігі соңғы қоңырау үнін естімейді, коронавирустық пандемия адам жоспарларына түзетулер енгізді", – деп жазды министр Facebook парақшасындағы құттықтауында. Сонымен қатар ол осынау қиын кезеңде басқа маңызды мамандықтар санатын да, Ұстаз еңбегінің қадірін де, ауыртпалығын да, маңызын да көптеген қазақстандықтардың терең сезінгенін атап өтті. "Осы орайда, өзімнің де асыл ұстаздарым, маған біліммен бірге, тәлім-тәрбие берген Алматы облысының Жамбыл орта мектебінің мұғалімдеріне алғысымды білдіремін. Мектеп қабырғасынан мұғалімдерімнің еңбегінің арқасында қалыптасқан қасиеттер маған мақсаттарыма жетуге, өз кәсібімді адаспай табуға, жемісті жұмыс істеуге және өмір бойы ізденісте болуға мүмкіндік берді", – деді Аида Балаева. Сондай-ақ ол биылғы мектеп бітірушілерді де оқу жылының аяқталуымен құттықтады. "Мен еліміздің барлық түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын және мамандық таңдауда өте мұқият болуға кеңес беремін. Кәсіп – өмірлік рухани да азық. Адам өзінің сүйікті ісімен айналысқан кезде ғана бақытты бола алады. Мақсат қойыңыз, еңбекқор, тәртіпті және мақсатты болыңыз, сонда барлық армандар орындалады", – деп түйіндеді министр.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)