Талапкер ауылында тұратын сантехниктен коронавирус табылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Талапкер ауылында тұратын сантехниктен коронавирус табылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120579611707822.webp)
Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер ауылында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо облыстық Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап. «1964 жылғы ер адамнан алынған сынама оның COVID-19 жұқтырғанын растады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында сантехник болып жұмыс істеген. Сонда COVID-19 зертханалық расталған адаммен жақын байланыста болған. Сол себепті, осыған дейін үй карантиніне алынған. Енді ол Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің станционарына жатқызылады», – делінген ведомство таратқан хабарламада. Аталған ведомство мамандары атап өткендей, қазіргі таңда Ақмола облысында 146 адамның COVID-19 жұқтырғаны тіркелген. Оның ішінде 128 жағдай Целиноград ауданының үлесінде. Ал қалғаны Көкшетау қаласы, Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Шортанды аудандарында. Қазіргі уақытта өңірдегі стационарларда 140 адам емделіп жатыр. Оның ішінде уақытша стационарда – 24, карантиндік – 85, инфекциялық – 31 адам. Ал үй карантиніндегілер саны – 724 адам.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)