Биыл елордадағы мектепке дейінгі мекемелерде 15 мыңнан аса орын бөлінеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл елордадағы мектепке дейінгі мекемелерде 15 мыңнан аса орын бөлінеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120591232604668.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова балабақшалардағы орындарды бөлу 10 маусымнан басталатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мектепке дейінгі мекемелердегі орындарды бөлу 10 маусымнан басталады деп жоспарлануда. Мектепке баратын балаларды есепке ала отырып, жүргізілген мониторинг бойынша 15 мыңнан аса бос орын болады деген болжам бар. 13 500 мемлекеттік және жекеменшік балалардағы орын болса, 1 500 орын шағын орталықтарда қарастырылып отыр. Кесте bilim.astana.kz сайтында жарияланатын болады. Қосымша ата-аналарға Білім басқармасы мен балабақшалар базасында кеңес берілетін болады. Басқарманың колл-орталығы 55-68-83, 14-45 нөмірлеріне және балабақшалардың кеңес беру пункттеріне хабарласуға болады», – деді ол.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)