ҚР АШМ: Фермерлер егіс алқабының төрттен бір бөлігін егіп үлгерді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚР АШМ: Фермерлер егіс алқабының төрттен бір бөлігін егіп үлгерді
ашық дереккөз

Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қызу жүріп жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егістіктің жай-жапсарына талдау жасады. 15 мамырдағы мәліметке сәйкес, шаруалар 3 млн гектар жерге жаздық дәнді және бұршақ дақылдарын себуде. Бұл көктемгі дақылдарды егуге бөлінген жалпы алаңның 20% құрайды, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Майлы дақылдар қазірдің өзінде млн гектарға егілді. Бұл жоспарланған жұмыс көлемінің 32% құрайды. 309 мың га жерге көкөніс пен картоп салынды. Бұл жақсы көрсеткіш, яғни, жоспардың 65,5% игерілді деген сөз. Көпжылдық шөптерді (228,5 мың га немесе 81,2%), мақтаны (101,7 мың га немесе 92,5%) және қант қызылшасын (20,4 мың га немесе 92,7%) егу аяқталуға жақын. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы көктемгі егісі 18,6 миллион гектар жерге жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 300 мың гектарға көп. Бүгінгі таңда фермерлер 4,5 млн гектардан астам жерге немесе 25 пайызын отырғызды. «2019 жылы 15 мамырда 2,2 миллион гектар немесе жалпы егіс алқабының 12% ғана егін егіп үлгерген болатынбыз», - деп жазады министрлік.