Бас Мүфти Қадір кешін үйде өткізуге шақырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас Мүфти Қадір кешін үйде өткізуге шақырды
ашық дереккөз

[caption id="attachment_14944" align="alignnone" width="660"] фото интернеттен алынды[/caption] Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір кешін үйде өткізуге шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамын. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара» деп атап өтті Бас мүфти.