Қазақстан бақыт деңгейі бойынша рейтингте 45-орынға ие болды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан бақыт деңгейі бойынша рейтингте 45-орынға ие болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210741492984415.webp)
ашық дереккөз
Ranking.kz мәліметінше, бір жыл ішінде еліміз өз позициясын 5 сатыға жоғарылатты (бір жыл бұрын 50-орында болған). Сонымен қатар ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан тұрғындары қазақстандықтарға қарағанда бақытты болып шықты. Рейтингте Қазақстаннан кейін Молдова, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Түркіменстан мен Украина тұр. Әлемдегі ең бақытты елдер Финляндия, Дания және Швейцария болды. Рейтинг бойынша соңғы орында Ауғанстан тұр. Рейтингте елдер әл-ауқат, жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүру ұзақтығы, қауіпсіздік, азаматтық бостандықтың болуы, тұрақтылық, сыбайлас жемқорлық деңгейі әрі басқа да көптеген көрсеткіш бойынша бағаланды.
Ұқсас жаңалықтар