Астаналық азамат шекарада есірткімен ұсталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық азамат шекарада есірткімен ұсталды
ашық дереккөз

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «102» телефон нөмірі арқылы «Жібек жолы» шекара бекетінде заңсыз есірткі тасымалдау фактісі анықталғаны туралы хабарлама түскен. Оны алып өтпек болған елордалық азамат Марико атты қызметтік иттің көмегімен ұсталды.

«Жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде шалбарының оң жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркілеген. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткітектес өсімдік затының салмағы 2 грамға жуық гашиш болып шықты. Қазір аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды», - делінген хабарламада.