Олимпиада-2020: Қазақстан қорытынды медальдар кестесінде нешінші орында?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Олимпиада-2020: Қазақстан қорытынды медальдар кестесінде нешінші орында?
ашық дереккөз

Қазақстандық спортшылар бұл дүбірлі додада барлығы сегіз қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов пен Софья Берульцева бар. Нәтижесінде Қазақстан 83-орынды місе тұтты. Бұл - тізімдегі қорытынды нәтиже. Бұл - ел спортшыларының қатысуымен өткен Жазғы Олимпиада ойындарындағы ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, еліміз тұңғыш рет Олимпиададан алтын және күміс медальсыз қайтып отыр.