ПТР анықтамасы мен вакцинация паспортын қолдан жасаушылар көп

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ПТР анықтамасы мен вакцинация паспортын қолдан жасаушылар көп
ашық дереккөз

«Жалған медициналық құжаттарды қолдан жасау схемасы анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын дайындаумен және сатумен айналысқан. Оның үстіне олар теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекара бекеттерінде сатылып келген», - деді министр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген. Оның 60-ы ПТР анықтамасын, 50-і вакцинация паспортын қолдан жасауға қатысты. ПТР анықтамасын және жалған вакцинация паспортын қолдан жасағаны үшін 28 адам, оның ішінде 20 медицина қызметкері (6 дәрігер, 14 медицина қызметкері) және 8 делдал ұсталды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жалған вакцинация паспорттары мен ПТР анықтамасының сатылатыны туралы 70 жарнама анықталып, оның 37-сі бірден бұғатталған. Бүгінде 4 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 43 қылмыстық істі тергеу мен сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.