Елордада бес жылда 52 адам суға кеткен
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Жыл басынан бері елорданың су айдындарында 8 адам қаза тапты. Оның ішінде 4 жасөспірім бар. Адамдардың қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған учаскелерде тіркелген», – деді департамент өкілі.
Сондай-ақ, ол кейінгі бес жылда Нұр-Сұлтан аумағындағы су айдындарында тіркелген қайғылы оқиғалардың стастистикасын бөлісті.
«2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 5 адам қаза тапты. Соңғы 5 жылда өлім статистикасы 52 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 12 бала болған. 2017 жылы – 17 адам (оның ішінде 2 бала), 2018 – 19 адам (оның ішінде 9 бала), 2019 жылы – 7 адам (оның ішінде 1 бала), 2020 жылы – 5 адам, (балалар жоқ) суға кеткен. Жоғарыда айтылғанның негізінде елорданың барлық тұрғыны мен қонақтарын су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды су айдындарына жалғыз жібермеуге шақырғым келеді», – деді Р. Демеуберген.
Ұқсас жаңалықтар