«Ыбырайдың ізімен»: елордалықтар велосипедпен Қостанайға жол тартты
15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Бір Құдайға сыйынып», таңертең (23 тамыз, дүйсенбі, сағат 9:00-де) астанадағы қасиетті бойтұмарымыз - ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 жылдығына және ұлтымыздың ұлы ұстазы, тұңғыш педагог, алғашқы қазақ мектебін ашқан кемеңгер ағартушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірін дайындаған, Азаттықтың іргетасын қалаған Алаш арыстарының қалыптасуына себепші болған ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИНнің 180 жылдығына және осы Ыбырайдың ізбасары, өзі де Ұлт ұстазына айналған АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ сонау 1921 жылы негізін салған Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің 30 жылдығына арналған «ЫБЫРАЙДЫҢ ІЗІМЕН» атты «НҰР-СҰЛТАН – ҚОСТАНАЙ» велошеруіне аттанамыз» деп жазды шараны ұйымдастырушы Ернат Мелсұлы өзінің Facebook-тегі парақшасына.
Сонымен, велошеру Нұр-Сұлтан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінен басталды. Бастамашылар енді күн сайын 100-ден астам шақырымды артқа тастап, 6 күннен кейін ұлы ұстаздың туған жері – Қостанайға жетуді жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
28 ақпан, 2024
Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты
23 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады
12 ақпан, 2024
Астаналық ғалымдардың кітабы әлемдік баспадан жарық көрді
12 қаңтар, 2024
Елордалық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды