00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Кәмелетке толмаған елордалықтар кәйіп қуып жүр

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кәмелетке толмаған елордалықтар кәйіп қуып жүр
ашық дереккөз

«Ювеналдық полиция учаскелік инспекторлары сағат 22.40-та «Текила» клубында жүрген кәмелеттік жасқа толмаған 22 жасөспірімді анықтап, полицияға жеткізді. Олар салынған тыйымға қарамастан, клубта досының туған күнін атап өтпек болған», - деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша хаттама толтырылған. Енді жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында жүргені үшін олардың ата-анасымен қатар көңіл көтеру орындарының иесі де жауапқа тартылады. Ғимарат иесіне қатысты материал жинақталып, әкімішілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.