Елордада он үш жасар қыз суға батып кетті
15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше 18 сағат 39 минутта елордалық құтқару қызметінің "101" пультіне Сарыарқа ауданы Аққорған көшесі бойынша Есіл өзеніне қыз баланың суға батуы бойынша хабарлама түскен. Жедел түрде төтенше жағдай орнына 1 бірлік техника және 4 құтқарушылар жіберілген.
"Құтқарушылар шақырту орнына жеткен бойда орын алған жағдайды жедел бағалап, сүңгуірлер тобы су түбін зерделеп, қызды іздестіру жұмыстарына жедел кіріскен. Бұл жерде қазба жұмыстарының жүргізіліп жатуы және су түбінің батпақты болуы іздестіру жұмыстарын қиындатқан, сонымен қатар бұл учаскеде суға түсуге рұқсат жоқ. Алайда қиындықтарға қарамастан құтқарушылар 20 сағат 47 минутта сүңгуір жабдықтарының көмегімен 2008 жылы туған қыз баланың денесін судан алып шықты", - делінген хабарламада.
Өкінішке қарай, суға шомылу маусымының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 9 адам суға батып кеткен, оның 5-еуі - балалар. Қаза болу фактілерінің барлығы суға түсуге тыйым салынған орындарда тіркелген.
Ұқсас жаңалықтар