00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бірі – мас, бірі – жас: Нұр-Сұлтанда екі жол-көлік оқиғасы болды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірі – мас, бірі – жас: Нұр-Сұлтанда екі жол-көлік оқиғасы болды
ашық дереккөз

 «16 тамыз күні сағат 22:21-де «TOYOTA CAMRY» көлігін тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші Кенесары көшесі жақтан Республика даңғылымен келе жатып, 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші белгіленбеген жерден, көлік құралдары қозғалысы бағытында жолды оңнан солға қарай кесіп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс-қозғалды», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ сағат 04.05-те ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі әл-Фараби көшесінің бойымен кетіп бара жатып, жол техникасына соғылған. Оқиға орнына келген полицейлер жүргізушінің мас болғанын байқап, құжаттарын тексергенде, оның 2018 жылы мас халде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Енді міне, жүргізуші сол әдетін тағы қайталап тұр. Қазір мас жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Осы орайда полиция былтырғы қаңтардан бастап мас халде жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерге жаза қатаңдағанын еске салды.