00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Хайвилл Астана» жеделсатысында курьер тоққа түсіп қалды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Хайвилл Астана» жеделсатысында курьер тоққа түсіп қалды
ашық дереккөз

Белгілі болғандай, курьер жеделсаты арқылы бір ер адаммен бірге төмен түспек болған. Қолындағы үлкен қорапты көрген ол қасындағы адамды өткізіп жібермек болып, жеделсаты батырмасын басқан сәтте тоққа ұрынады. Өзінің айтуынша, курьер есінен танып қалған. Оянған кезде ауруханада жатқанын, екі иығы шығып кеткенін және бұғанасы сынғанын бір-ақ білген. Енді ол осы оқиғаға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды талап етіп отыр.

«7 тамызда «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешенінде 24 жастағы елорда тұрғынын домофон құрылғысынан тоқ соқты деген хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.